Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы мен «Daryn Ustaz» орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен республикалық «Ustazga AI: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» атты арнайы курс өңір педагогтары үшін маңызды әрі нәтижелі жоба болды.
Аталған бастаманың жоғары деңгейде жүзеге асуына қосқан үлесі мен әріптестік үшін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайға «Daryn Ustaz» орталығы мен Daryn.online компанияларының құрушысы Айбек Қуатбай арнайы алғыс білдірді.
Курс барысында мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді қолдану, сабақ сапасын арттыру және уақытты ұтымды пайдалану бағытында тың білім алды. Нәтижесінде өңірімізде 13 872 педагог курсты сәтті аяқтады.
Білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейтуге бағытталған мұндай жобалар – заман талабына сай білім беру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі.
