Kyzylorda-news.kz Партияның облыстық филиалының Атқарушы Ләйлә Төрешова партиялық жобалардың өңірлік жетекшілерімен кездесті. Кездесуде жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар сараланып, оларды халыққа кеңінен насихаттау бағытындағы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Жалпы бүгінгі күні «AMANAT» партиясы түрлі бағыттағы 16 жобаны жүзеге асырып келеді. Әрбір жоба мақсатты топтарға арналған. Атап айтсақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы ардагерлерге қамқорлық жасауға бағытталса, «Кедергісіз келешек» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруды көздейді. Сол секілді соңғы жылдары жүзеге асып келе жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» жобалары да халыққа кеңінен танылып, үлкен қолдауға ие болып отыр. Мәселен, «Жер аманаты» жобасы аясында өткен жылы өңірде пайдаланусыз және заңсыз пайдаланылып келген 225,4 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл да 70 мың га жерді қайтарып, халық игілігіне табыстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықтың жартысынан астамы ауылдық жерде тұратын Сыр өңірі үшін «Ауыл аманаты» жобасының маңызы бір бөлек. Ауылдағы ағайынның табысын арттыруға бағытталған жоба шеңберінде өткен жылы облысқа 3,0 млрд.теңге қаржы бөлініп, бағдарламада қарастырылған негізгі 5 бағыт бойынша 406 жоба қаржыландырылды. 33 кооператив пен 373 жеке кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие берілді. Биыл облысқа 4 млрд. 600 млн теңге қаржы бөлініп, 575 жобаны қаржыландыру мен 610 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіуде.

Мемелкет басышысынан қолдау тапқан «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Өткен жылы жоба еліміз бойынша 8 өңірде жүргізіліп, 65 мың тұрғын қаржылық сауатын арттыру оқу курсынан өткен болатын. Ағымдағы жылы барлық өңірлерде іске қосылды. Биыл жоба аясында өңірден 8000 азаматты қаржылық сауаттылық оқу курсынан өткізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Арал және Қазалы аудандарының 3 мыңға жуық тұрғыны білім алды.

Жалпы мұнан бөлек, «Бақытты отбасы», «Ұлттық мұра», «Құқықтық көмек», «Халыққа көмек», «Tomiris», «TazaLike», «Кітап- AMANAT» «Жастарға жұмыс», «Qaisar» секілді партиялық жобалар аясында да түрлі бағыттағы іс –шаралар ұйымдастырылып, прроблеммалық мәселелер шешімін табуда. Бір сөзбен айтқанда партиялық жобалардың барлығының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 

Тағы да оқыңыз: