Kyzylorda-news.kz  Партияның қалалық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» жұмысымен танысты.

Аталған орталық денсаулығының  жай-күйі бойынша азаматтардың тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж  зейнеткерлер мен  I, II топ мүгедектігі бар адамдардың тұрақты тұруына арналған коммуналдық мемлекеттік мекеме.     

Стационарлық жағдайда кәзіргі уақытта  165 қызмет алушы бар. Оның  5-і тыл ардагерлері. Ең қарт қызмет алушы 90 жаста.

Орталықтың және №3 қалалық емхана дәрігерлерімен бірлесіп қызмет алушылар толық медициналық профилактикалық тексеруден  өткізілді. Жыл басынан бері 52 қызмет алушы стационарлық ем қабылдады. Сонымен қатар дәрігердің нұсқауы бойынша орталық қызмет алушылары күнделікті физиоемдеу, массаж, парафин, тұзбен емдеу шахтасында емдік процедуралар қабылдауда.

Бақылау барысында комиссия төрағасы Мейрамбек Есжанов зейнеткерлерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапалы болуын қамтамасыз етіп, жайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: