Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында пайдалануға берілген нысандарға ашылғандығы жөнінде тақтайша орнатылды.
Партияның қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Келешек мектебі» жобасы аясында Қызылжарма ауылдық округінде ашылған құны 4 млрд 700 млн теңгені құрайтын 600 орындық №295 орта мектебінің жан-күйімен танысты.
Жалпы қала бойынша оқушылар сыйымдылығын ретке келтіру мақсатында жаңадан екі бірдей мектеп құрылыс нысандарды пайдалануға берілген болатын. Соның нәтижесінде, оқушыларға қолайлы орта қалыптасып, сынып жетіспеушілігінің түйіні тарқады.
Жаңа ғимаратында оқушылар бір ауысым бойынша білім алады. Соңғы үлгіде жабдықталған 39 оқу кабинеті, кәсіптік кабинеттер, «STEM», Робототехника, информатика, лингвистика, логопед кабинеттер, 2 спорт зал, АКТ зал, асхана, би залы, әмбебап шеберханалар жұмыс жасайды.
Әрі қарай, комиссия төрағасы Мейрамбек Есжанов ата-аналармен пікір алмасты.
