Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысын қоғамдық негізде қадағалау саяси ұйымның Партиялық бақылау қызметіне жүктелген.

Осыған орай партияның барлық аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссиялары бұл қызметті өзі жұмысының бір бағыты ретінде атқарып келеді. 
Осы ретте бүгін Сайлауалды бағдарламаның өңірлік Жол картасының нысандарында әрекет ететін аумақтардағы партиялық бақылау бекеттері жұмысын жетілдіру бойынша арнайы партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов аумақтық филиалдармен онлайн жиын өткізіп, тренинг ұйымдастырды.

Атап өту керек, Сайлауалды бағдарламаны Қызылорда облысы бойынша іске асыру басталған кезеңнен бастап 84 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылса, бүгінгі күнге  77 нысан  пайдалануға берілді. 7 нысан құрылысы партиялық бақылауда. Әрбір нысан халық игілігіне пайдалануға берілгенше партия бақылауында болып, апта сайын олардың құрылысына қарқынды түрде мониторингтер жасалуда. 

FB_IMG_1760679083546.jpg

Тағы да оқыңыз: