Kyzylorda-news.kz Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Жалағаш ауданындағы жұмыс сапары барысында партия активімен кездесті.

Отырыста партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева филиалдың бір жыл ішінде атқарған жұмыстары бойынша есебін баяндады. Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясының жылдық есебі, Аққұм ауылдық округі бастауыш партия ұйымының есебі, бастауыш ұйымдар деңгейінде жүзеге асқан іс-шаралардың қорытындылары тыңдалды.

Сондай-ақ жиында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданда атқарылған жұмыстар жайлы да кеңінен мәлімет берілді. Аталған жобаның жүзеге асу барысы туралы есепті Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Тұңғышбаев Бауыржан баяндады.

Атқарылған жұмыстармен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай партия активі алдына сайлауалды уәделердің орындалуын қатаң бақылауға алу, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің оң шешілуіне ықпал ету, партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтіп, олардың рөлін арттыру, партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуына жұмыс жасау жөнінде міндеттер қойды. 

Сондай-ақ төраға партия жұмысына белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстап, ризашылығын білдірді.

Мұнан бөлек жұмыс сапарында филиал төрағасы аудандық филиалға қарасты «Дарын» бастауыш партия ұйымының арнайы кабинетімен де танысты. 

Тағы да оқыңыз: