Kyzylorda-news.kz “AMANAT ”партияcы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында ауыл әкімдерімен кездесіп, «Ауыл әкімдері: жауапкершілік және көшбасшылық» тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шара барысында ауыл әкімдерінің қызметіндегі жауапкершілік деңгейі, тиімді басқару принциптері, көшбасшылық қасиеттерді дамыту тетіктері, халықпен кері байланысты нығайту жолдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмысының сапасын арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар кеңінен түсіндірілді.
Дәріс ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіруге, ауылдық аумақтарды дамытуға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталды. Онда ауыл әкімдері өзекті мәселелерді ортаға салып, тәжірибе алмасып, ауылдық округтердің дамуына қатысты нақты ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды.
«Ауыл әкімдері: жауапкершілік және көшбасшылық» тақырыбында өткен дәріс ауыл әкімдері үшін ауылды дамытуға арналған жаңа идеялар мен бастамалардың туындауына негіз болды деп айтуға болады.

