Kyzylorda-news.kz. Қазалыда «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе Әйтеке би кентіндегі бірнеше сауда орындары мен дәріханаларда және жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығы мен қамтылуына бақылау жүргізді.
Мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ дәріханаларда тұрғындар жиі тұтынатын дәрі-дәрмектер бағасы тұрақты әрі қоры жеткілікті екені, жанармай бекеттерінде баға қалыпты және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы анықталды. Мониторингтік топ мұшелерінің бұл ісіне тұрғындар риза екендіктерін айтады.
«Қазір барлығы қымбат. Азық-түліктің бағасы қалтаға қонымды болғаны дұрыс. Адамға ең қажетті деген көкөністер мен ұн өнімдерін үнемі бақылауда ұстап отырғаны жөн. Кейбір кәсіпкерлер кейде абағаны шарықтатып жібереді. Оларға салсаң, алсаң ал, алмасаң қойдың кері.Осы ретте басшылық тараптан осындай бағаға бақылаудың жүйелі түрде, үнемі болып тұрғаны құптарлық жағдай», – дейді тұрғындар.