Kyzylorda-news.kz Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, бірқатар азаматқа партиялық билеттер табысталды.
Саяси мәні зор іс-шарада «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі ретінде сөз сөйлеп, саяси реформалар мен партияның сайлауалды бағдарламасының түпкі мәні ортақ, ол ел игілігіне жұмыс жасау екенін айттым.
– Президентіміз қандай бастаманы қолға алса да, осы бұлжымас қағидадан айныған емес. Біз алдағы уақытта да осы қарқынды бәсеңдетпеуіміз керек. Партиямыздың мыңдаған мүшесі Президент бастамаларын әрі қарай да іске асыруға атсалыса береді. Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке аясында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, бірқатар азаматқа партиялық билеттер табыстау үшін бас қосып отырмыз. Алдағы уақытта өздеріңізбен бірлесе нақты жұмыстар атқарып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз деп сенемін, – деп партиялық билет иеленіп жатқан білікті мамандарды бірлесе еңбек етуге шақырдым.
Қабылдау барысында «AMANAT» партиясының партиялық билеттері мемлекеттік қызмет, білім, мәдениет, әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарға табысталды. Олар аудан дамуына, партиялық жобаларды жүзеге ынталы екендіктерін айтты. Жиын соңында партия мүшелері естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
