Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова аймақтағы қоғамдық ұйымдармен, белсенді азаматтармен бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, партиялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Сапар аясында Хатшы жаңадан ашылған Руханият орталығына арнайы барып, нысанның заманауи мүмкіндіктері мен бағыттарымен танысты. Ол бұл орталықтың жастар мен зиялы қауымның бас қосатын рухани ордасына айналуы тиіс екенін атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде, мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы, аудандық әйелдер кеңесі мүшелерімен кездесіп, қоғамдық келісімді сақтау, отбасы институтын нығайту бағытындағы ұсыныстарды тыңдады.

Жалағаш атқарылған жұмыстар 3.jpg

Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысып,аудан жастарының өз жобалары мен бастамалары жайлы ашық пікір алмасты. 

Сапар барысында партия Хатшысы Шолпан Каринова аудандық мұражайға да арнайы барып, Жалағаш өңірінің тарихымен, мәдени мұрасымен танысты. Мұражайда сақталған тарихи жәдігерлер мен құнды деректерге назар аударып, өлкенің бай шежіресін таныстыруда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Шолпан Каринова ауданның өткені мен бүгінін байланыстыратын осындай мәдени орындардың жас ұрпаққа тәрбие берудегі маңызы зор екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да партиялық жобалармен тығыз байланысты жалғасатынын жеткізді.

Бұл сапар Жалағаш ауданындағы рухани, әлеуметтік және қоғамдық өмірдің белсенділігіне оң серпін берді.

Жалағаш атқарылған жұмыстар.jpg

Тағы да оқыңыз: