Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Атап айтқанда, Белкөл кентінің тұрғыны кенттегі коммуналдық мәселелер, көгалдандыру, кенттің кіреберісіне бағдаршам орнату, Ардагерлер кеңесіне кабинет ұсыну және өзге де қоғамдық тақырыптар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Филиал Төрағасы аталмыш тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, құзырлы мекемелермен бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралатынын жеткізді.

Тұрғын үй кезектілігіне байланысты мәселесі бойынша Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек қабылдауға қатысып, үй кезектілігіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, төраға қабылдауына келген наурыз саяжайының тұрғыны өзінің 5 ай көлеміндегі еңбекақысын жұмыс беруші тарап төлемей жатқанын айтып, шағым білдірді. Өтініш бойынша облыстық бақылау басқармасының маманы, еңбек инспекторы Болат Досымов қабылдауға қатысып, мәселені шешу жолдары бойынша кеңес берді. Ең алдымен қажетті құжаттарды жинақтап, басқармаға жазбаша өтініш білдірсе, құзырлы мекеме тексеріс бастайтынын, нәтижесімен қарызын өндіру бойынша іс-шаралар қабылданатынын жеткізді.

Алмасбек Есмаханов қабылдау барысында аталған барлық ұсыныс пен өтініштерді партия филиалы зерделеп, жіті бақылауда болатынын түсіндірді. 

Тағы да оқыңыз: