Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Төрағасы Алмасбек Есмаханов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген қала тұрғыны өзінің «Мерей» мөлтек ауданында тұратындығын жеткізіп, балалар ойын алаңын, жаяу жүргіншілер жолын салу, мөлтек ауданның тазалық жұмыстары мен қараусыз жүрген үй жануарларына қатысты мәселелер көтерілді.
Филиал төрағасы ұсыныстарды нащарға алып, алдағы уақытта қала аумағындағы мәселелер жөнінде қала әкімдігімен бірлесіп, шешу жолдары қаралатынын жеткізді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында тұрғындардан гемодиализ орталықтарының жұмысына қатысты шағымдар түсіп, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ұсыныс талқыланды.
Гемодиализ орталығының жайы бойынша құзырлы мекемелер және фракция мүшелерінің қатысуымен қосымша кездесу ұйымдастырылатын болды. Ал, «Ауыл аманаты» жобасына өтінім беру жолдары бойынша өтініш иесіне нақты кеңес беріліп, жоба артықшылықтары түсіндірілді.
Филиал Төрағасы қабылдау барысында аталған барлық мәселе жеке бақылауында болып, жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылданатынын айтты.