Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық партия филиалының төрағасы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биліктің халық үніне құлақ асып, ұдайы халықпен тығыз байланыста болуы аса маңызды.

Қоғамдық қабылдауға аудан тұрғындары алдын ала тіркеліп, келіп қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды дамыту, білім саласына қатысты сұрақтар қойылды. Көпшілік  аудандық партия филиалының төрағасына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, заң аясында тиісті жауап ала алды. Ержан Ертарғынұлы өз кезегінде қабылдауға қатысқан тұрғындарға заң шеңберінде жауап қайтарды.

Аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес өткен аудандық партия филиалының төрағасы Ержан Ертарғынұлы қабылдауында аудан азаматтарының өтініштері мен ұсыныстарына құлақ түрді. Тұрғындар қабылдау барысында бірқатар түйіткілді мәселелерді атап өтті. Өз кезегінде аудандық партия филиалының төрағасы әрбір өтінішті зерделеп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. 

Айта кетейік, қабылдау барысында оң шешімін тапқан мәселелер де болды. Тұрғындар ұсынысы дер кезінде назарға алынып, шешілуі тиіс шаруалар күн тәртібіне енгізілді.
 

Тағы да оқыңыз: