Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Жиында 2025 жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы және 2026 жылға арналған міндеттері кеңінен талқыланды.
Кеңес отырысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Даулетбаева кеңінен ақпарат берді.

«2025 жылы әлеуметтік қорғау саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, 29,8 млрд теңге толық игерілді. 46 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді. Халықтың әлжуаз топтарына қолдау күшейтіліп, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және қайырымдылық шаралары жүйелі түрде жүргізілді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту, жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Ал 2026 жылға негізгі міндеттер – жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік көмекті нақты мұқтаждарға жеткізу, жұмыссыздық деңгейін тұрақты ұстап тұру және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру болып айқындалды»-деді Жанар Дәулетбаева.
Жиында кеңес төрағасы Райкүл Байназарова халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халықпен етене жұмыс атқаратын сала екендігін атап өтіп, кеңес мүшелерін аймақ тұрғындарының, оның ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға тиісті көмектердің уақытылы жүйелі түрде көрсетілуіне жұмылып жұмыс жасау қажеттін айтты. Кеңес қорытындысымен жұмысты жетілдіруге қатысты айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

