Kyzylorda-news.kz. Партия алаңында Қызылорда облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Есенгелді Сыздықов пен Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбек Бекішев кестеге сай қабылдау жасады.
Есенгелді Серікұлының қабылдауына келген тұрғындар ауласында мал ұстап, кәсіппен айналысу, үй жануарларын (ит, мысық) ұстау талаптары, ветеринарлық дәріхана ашу алғышарттары мен басқа мемлекетке мал тасымалы заңдылықтары туралы сұраса, Әділбек Бекішевтің қабылдауына келушілер кәсіптік нысан (ЖШС, ЖК) жабу үшін қандай амалдар жасау қажеттілігі, қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркелу үшін атқарылатын шаралар және өзге де тақырыптар бойынша кеңестер алды.
Сонымен қатар облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Қайырбекова Балжан Қожабекқызы тұрғындарға арналған заңгерлік тақырыптық қабылдау өткізді.
"Заңгерлік көмек" жобасы аясында кеңес беруге арналған қабылдауда қала тұрғындары тарапынан онлайн несие мәселесі, алимент өндіру және мұрагерлік жайында туындаған қиындықтар бойынша сұрақтар болды.
Тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық кеңестер берілд.

