Kyzylorda-news.kz Бүгін Аманат партиясы алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Темирова Ляззат Болатқызы қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар бұғатталған есеп шотты ашу, есеп шотқа түскен қаржыны басқару және оны алу бойынша кеңестер алды.
Басқарма басшысы тұрғындарға бұғатталған шотты сот орындаушының қаулысымен ашылатынын және шоттағы өзіне тиесілі қаржыны банк бөлімшесіне бару арқылы арыз жазып шеше алатынын түсіндірді.
