Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әкімдер оқу курсын тәмәмдайды. Бүгін оқу сағаттарының соңғы курсынан өтіп жатқан ауыл әкімдерімен партияның хатшысы Эльдар Жұмағазиев онлайн форматта кездесу өткізді.

Онда партия Хатшысы оқу семинардың маңыздылығы, тақырып аясында жұмысты жетілдіру, ауылдарды өркендету, ауыл халқының тұрмысын жақсарту мәселелерін алға тартып, әкімдердің ұсыныс пікірлері тыңдады.

Мәселен Қазалы ауданына қарасты Бірілік ауылдық округ әкімі Өтеп-Әлі Өміртай сөз алып, оқу семинардағы ауыл әкімдері атынан мемлекеттік сатып алу Заңында жергілікті кәсіпкерлерге басымдылық беру қолданылса;
Мемлекеттік сатып алу Заңында округ әкімі аппаратына Бір көзден алу тәсілі нақты жетілдірілсе;
Тұрғындары 2000 адамнан аспайтын округтер ІҮ – деңгейлі бюджеттен босатылса;
Ауылдық округ әкімі аппаратындағы келісім – шартпен жұмыс жасайтын «Әдіскер» мамандар «азаматтық қызметкер» статусына енгізілсе олардың жалақсы өсіп, жауапкершіліктері де артар еді,- деген ұсыныстарды ортаға салды.

Жиын барысында партия Хатшысы бүгінде ауыл халқын алаңдатып отырған ең өзекті мәселелердің бірі жайлымдық жерлерді халық игілігіне қайтару тұрғысында «AMANAT» партиясы нақты жұмыстар жасап жатқандығын тілге тиек етіп, бұл жұмыстарға әрбір ауылдық округ әкімдері де жауапты болғандықтан тікелей қолдау көрсетуі қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, ауыл әкімдерімен партия арасындағы кері байланысты орнату арқылы қордаланған мәселелерді бірігіп шешу мақсатында арнайы чаттар мен әкімдер ассоцациясын құру жөнінде ұсыныс тастады.

Бұл ұсыныс ауыл әкімдері тарапынан қолдау тауып, арнайы жұмыс жасалатын болды.
Қорыта келгенде 13-22 маусым аралығына жоспарланған «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған оқу семинарына өңірден 141 кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партия филиалдарының Атқарушы хатшылары қатысып, білімін жетілдірді. Бүгін ауыл әкімдерінің соңғы легі алған білімдері бойынша тест сынағынан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды.

Э

Тағы да оқыңыз: