Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызының 60 жас мерейтойына арналған салтанатты құттықтау кеші өтті.
Қуаныш иесін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемұлы және партияның Ақтөбе, Қызылорда облыстық филиалының төрағалары, фракция мүшелері, басқарма басшылары, облыстық филиал жанындағы аймақтық кеңестердің төрағалары, қоғам белсенділері мен аумақтық филиалдардың атқарушы хатшылары құттықтап, оның көпжылдық қажырлы еңбегіне, ел мен партия дамуына қосқан сүбелі үлесіне жоғары баға берді.
Ләйлә Бегалықызы – кәсіби біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, адами қасиеттерімен көпке үлгі бола білген тұлға.
Іс-шара барысында жүрекжарды лебіздер айтылып, сый-сияпаттар табысталды. Мерейтой иесіне арнайы “AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтау хаттары мен облыстың “Құрмет грамотасы” табысталды.
Ләйлә Бегалықызын мерейлі жасымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

