Kyzylorda-news.kz. Шетелдің белді жоғарғы оқу ордаларында біліп алып жүрген қазалылық жастар жетерлік. Олардың бірі азуын айға білеген Американың айтулы университетінде, енді бірі жаңалыққа жаны құмар Жапониянада, келесілері Кореяда. Көршілес Ресей елінде де бірнеше қазалылық жас мамандық меңгеруде. Мәскеуде магистрлік білім алып, қазіргі таңда сонда еңк етіп жүрген Парасат Өмірзақпен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Ол СИНЕРГИЯ Мәскеу қаржы-өнеркәсіптік университетінде шет елден келген өзге ұлт өкілдерімен жұмыс жасайтын жетекші маман. Қарапайым тілмен айтқанда Парасат Мәскеуде оқысығы келетін жастарға жол көрсетуші.
– Парасат Алмасқызы, сіз қай мектептің түлегісіз? Білуімізше бірнеше елде білім алғансыз…
– Мен Қазалы ауданындағы Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда дүниеге келдім. Осындағы №88 орта мектептің түлегімін. 2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Евразия ұлттық университетіне ядролық физика мамандығына оқуға түстім. 1-2 курстарда осы оқу орнында оқыдым. Екінші курста жүрген кезімде: «Мен бұл оқу орнынан өзіме қажетті құндылықтарды алдым. Алға тағы бір қадам жасап, шет елде неге білімімді жалғастырмасқа?» деген ой келді. Сөйтіп шет елде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламалармен таныстым. Жолым болып, Томск қаласында оқуға грант жеңіп алдым. Университет толықтай қаржыландырды. Үшінші курсты сондағы мемлекеттік университетте аяқтадым. Томскте жүріп, Беларусь елінде білім алуға бел будым. Құжаттарымды түгендеп, бағымды сынап көрдім. Бұл жолы да сәттілік серігім болып, өзім қалаған оқу орнынан шақырту алдым. Осылайша төртінші курсты Минс қаласында оқыдым. Менің бала кезден Евротур жасасам деген арманым болатын. Сол себепті осы елді таңдадым. Өйткені Беларусь арқылы Европаға шығу арзанға соғады.
2017 жылы Қазақстанда ЕХПО да аудармашы болып жұмыс істеп жүрдім де, қыркүйек айында Беларусь еліне аттандым. Бесінші курсты Болгарияда оқығым келді. Маған шет елде оқыған ерекше ұнайды. Больгариядан шақырту келгенімен, виза ала алмай бармай қалдым. Елге оралып, бесінші курсты өзімнің университетімде, яғни Қазақстанда тәмамдап, қызыл диплом алдым. Группамда жалғыз қызыл диплом игері болдым, бұл мен үшін үлкен жетістік әрі мақтаныш.
Бесінше курста оқып жүргенде магистратураны Италияда оқысам деген ниетім болды. Евросоюдың оқу грантын жеңіп алдым. Бір айта кетерлігі Италияда 1-2 курсты оқысаң, қалған 3-4 курстарды Европаның кез келген елінде жалғастыра аласың. Алайда ол жақтан маған толық қаржыландыруға тапсырмағн өтінішім мақұлданбады. Тек оқу тегін, қалғаны ақылы болды да бас тартуыма тура келді.
Осылайша Қазақстанда оқуға дайындалып жүрдім. Сол кезде Мәскеуден қабылдау комиссиясы келді. Құжаттарымды тапсырдым. Тесттен сәтті өтіп, Мәскеу қаласына оқуға кеттім. Магистратураны Мәскеу ұлттық технолгиялық зерттеу университеттінде тәмамдадым.
– Қазақстан мен өзге елдердегі білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар қандай?
– Ең бірінші айырмашылық студенттерінде. Қазақстанда екі жыл оқыған кезде біз көп телефонға қарайтынмыз. Тіпті лекси, практика кезінде де ұялы телефонымызға үңіліп отыру әдетке айналған. Ал ол жақтарда сабақ үстінде телефонды өте сирек қолданады, тіпті «тығып» қарайды десем болады. Томскте мені таңқалдырғаны осы.
Жалпы білім саласындағы айырмашылықтарына келер болсақ, бізде жаңа құрал-жабдықтар өте көп болды. Алайда көп қолданбайтынбыз. Мүмкін 12 курстарда арнайы пәндерді өтпегендіктен болар. Ал шет елде теория өткеннен кейін міндетті түрде практика жүзінде құрал-жабдықтарды пайдаланады.
– Ол жақта шетелдік студенттерге деген көзқарас қалай? Қаншалықты жағдай жасалған?
– Мен оқыған шет елдердің барлығында шетелдік студенттерге жоғары деңгейде жағдай жасалады. Ең бірінші кезекте жатақханамен қамтамасыз етеді. Міндетті түрде әлеуметтік карта беріледі. Ол арқылы сен транспортқа мініуге, музей, кинотеатрларға баруға жеңілдік иеленесің. Бір сөзбен айтқанда білім алуға барлық жағдай жасалған. Шәкіртақы өз алдына.
– Қазақстанға оралып, туған елдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек ету жоспарыңызда бар ма?
– Міндетті тұрде Қазақстанға ораламын. Мәскеуде бір жыл жұмыс тәжірибемнің болғанын қаладым. Міне, наурыз айында Ресей университетінде жұмыс істегеніме бір жыл толды. Достарымның арасында Қызылорда туған қалам, Мәскеу уақытша мекенім, Нұр-Сұлтан мәңгілік мекенім деп айтамын. Жоспарым Нұр-Сұлтан қаласында жұмысқа орналасып, қызмет жолында өзім көрсету, алған білімімді ел игілігі жолында жұмсау.
– Туған жерге жиі келесіз бе?
– Қазақстанда болғанда жылына екі рет баратынмын. Шет елде оқығалы жылына бір рет жаз мезігілінде бір айға барамын.
– Шет елге немесе қзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарына деген көзқарасыңыз…
– Оң көзқарастамын. Ең бастысы, адамдар бір-бірін түсініп, бір толқында ойлай алса болғаны. Ұлтта тұрған ештеңе жоқ деген түсініктемін.
– Сіздің ойыңызша баланы шет елде оқытудың тиімді тұстары қандай?
– Негізі үш пунктті атар едім. Біріншісі, жоғары білім деңгейі, екінші қолжетімді жұмыс тәжірибесі, үшінші жоғары мансаптық өсу. Және де өмірге қажетті барлық сабақты аласыз, үлкен мүмкіндіктерге жол ашылады.
– Нені армандайсыз?
– Алла жазса, елге оралу, қызметтік жолды Қазақстанда жалғастыру. Бұл менің арманым әрі жоспарым деуге болады.
– Парасат сүхбатыңызға рахмет.