Kyzylorda-news.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында «Парасат елшісі» республикалық байқау өткізілетінін хабарлайды.
Байқау 3 кезеңнен тұрады.
I кезең – парасаттылық елшілік ету,
II кезең – бейнероликтер байқауы және финалдық кезең
Байқау 7 қазан – 29 қараша аралығында өтеді.
Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, сонымен қатар қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау.