Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық спортшылардың Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар үшін келесі төлемдер белгіленген: алтын медаль үшін – 250 мың доллар, «күміс» үшін – 150 мың доллар, «қола» үшін – 75 мың доллар, төртінші орын – 30 мың доллар, бесінші орын – 10 мың доллар, алтыншы болғаны үшін – 5 мың доллар.

Биатлоншы Александр Герлиц үздік көрсеткішке қол жеткізіп, қола медаль иеленді. Сонымен қатар жеке жарыстарда ол үш рет бесінші (екі рет – шаңғы жарысында, бір рет – биатлонда) болды. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында (Александр Герлиц, Ербол Хамитов) бесінші орын алды.

Осылайша, жалпы алғанда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиадада 125 мың доллар табыс тапты.

Тағы да оқыңыз: