Kyzylorda-news.kz Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйек күні таңертең табылған.

Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олардың мәйіттері аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланады.

Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерде газ иісі анықталмаған. Студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен анықталыпты. 

Фото: colodu.club

Тағы да оқыңыз: