Kyzylorda-news.kz. Жаңа ғимаратта пәтер сатып алу белгілі бір қауіп тәуекелмен жүзеге асады, сондықтан бұған сақтықпен қарау керек. Кейіннен қиындықтар туындамауы үшін, сатып алуға мұқият дайындалу және жоба туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты білу керек. Оны салушы құрылыс компаниясын тексеруден бастаңыз.

Құрылыс компаниясының сипаттамалары

Әлі салынбаған үйде пәтер сатып алғанда, сатып алушының мәміле жасамас бұрын онда келіп, үйдің жобасын көруге мүмкіндігі болмайды. Сол себепті, құрылыс компаниясын дұрыс таңдау өте маңызды. Сатып алушылардың көпшілігі тұрғын үйді бағасына қарап таңдайды, ал бұл өте қауіпті. Өйткені, құрылыс компаниясының беделі мен имиджі, БАҚ-тағы ол туралы ақпарат, пайдалануға берілген жобалардың сапасы және олардың тұрғындарының пікірі сияқты басқа да параметрлерді ескеру қажет. Құрылыс компаниялары туралы көптеген ақпаратты korter.kz сайтынан көруге болады. Сенімді құрылыс салушылар өздері туралы ештеңе жасырмайды, сондықтан бас кеңсе мен компанияның құрылтайшылары туралы ақпаратты табу қиынға соқпайды. Ипотека бойынша пәтер сатып алу мүмкіндігі бар-жоғын және компания банктермен бірлесіп жұмыс жасайтындығы жайлы біліп алыңыз. Құрылыс компаниясының серіктес банктері болуы өте жақсы белгі болып табылады.

Адал құрылыс компаниясының белгісі келесі құжаттардың болуы болып табылады:

  • Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат;
  • Жер учаскесіне құқық;
  • Үлестік құрылысқа арналған құжат (үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі);

Тексеру қажет құжаттардың толық тізімімен "тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңында танысуға болады.

Құрылыс компаниясында құжаттардың түпнұсқалары болуы міндетті.

Келісім-шарттың түрлері

Салынып жатқан үйде құрылыс компаниясынан пәтер сатып алу үлестік қатысу туралы шарттың (ҮҚШ) көмегімен рәсімделетінін есте ұстаған жөн. Шарттардың басқа түрлерін пайдалана отырып, мәмілені рәсімдеу заңсыз болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құрылыс салушылар мына шарттарға сәйкес келсе ҮҚШ жасай алады:

  • бірыңғай оператор кепілдігінің болуы ("ҚЖК"АҚ);
  • екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
  • ғимараттың қазірдің өзінде салынған қаңқасының болуы (жобада көрсетілген жұмыстардың кем дегенде 80% орындалуы керек).

Егер құрылыс салушы үй салуға басқа тәсілдермен қаражат тартса, оның әрекеті заңсыз болып табылады. Өз қаражатыңыз бен мүлігіңізді жоғалтпау үшін мұны есте сақтаған жөн.

Уәкілетті компания және оның құрылыс компаниясынан айырмашылығы

Құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын алуға құқылы емес болғандықтан, ол сатуды жүзеге асыруға делдал болатын заңды тұлға көмегіне жүгіне алады. Бұл Уәкілетті компания деп аталады. Бұл ретте құрылыс салушыда осындай бірнеше компания болуы мүмкін, олар үлескерлердің қаражатын жинау үшін жеке есеп айырысу шоты бар әрбір көппәтерлі үйге біреуден келеді. Мұндай схема ашықтықты сақтауға көмектеседі және компанияға бір уақытта бірнеше жоба салуға мүмкіндік береді.

Құрылыс салушының қолтаңбасын қалай тексеруге болады

Әрбір құрылыс салушының қол қою құқығы кімге тиесілі екенін білуге арналған Жарғысы болуы керек. Егер компания цифрлық қолтаңбаны пайдаланса, онда сіз e-gov.kz порталы арқылы  меншік иесі туралы деректерді біле аласыз. Егер белгілі бір адам осы құқыққа ие болса, онда сіз оны растайтын құжаттың көшірмесін талап ете аласыз.

Құрылыс салушылардың алаяқтық істері

Өкінішке орай, жылжымайтын мүлік нарығында құрылыс салушылар тарапынан алаяқтық схемаларға тап болу қаупі бар. Одан өзіңізді қорғау үшін келесілерді тексеру қажет:

  • компанияның атауы;
  • тіркелген мекен-жайы;
  • салушы құрылыс компаниясының және уәкілетті компаниялардың тіркеу туралы деректері.

Келесі құжаттардың көшірмелерін сұрауды ұмытпаңыз:

  • компанияның мемлекеттік тіркелгенін растайтын анықтамалар;
  • Бірыңғай оператордың кепілдігін алу туралы сертификат ("Қазақстандық тұрғын үй компаниясы"АҚ);
  • жобалық құжаттама;
  • учаскені пайдалану құқығын растайтын құжаттар.

Әрбір құрылыс салушы компания жұмыстың басталғаны туралы ресми түрде хабарлауы керек. Адал кәсіпорынның ештеңе жасырмайтынын естен шығармаған жөн. Сәйкесінше, құрылыс процесі, жобаны іске қосу күні және өзі туралы басқа ақпарат туралы кез келген деректерді сұраған жағдайда, компания сатып алушымен қажетті мәліметтерді еш қиындықсыз бөліседі.

 

Тағы да оқыңыз: