Kyzylorda-news.kz.  2022 жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативтерінің орнына мүлік иелері бірлесітігі мен жай серіктестіктер құрылып бітуі керек болған.

Бұл реформа тағы кейінге шегерілді. Тағы деп отырғанымыз, әуел баста пәтер иелері мен тұрғын емес ғимараттардың меншік иелері 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін мүлік иелерінің бірлестігіне немесе жай серіктестіктерге бірігуі керек болған.

Бірақ пандемия Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспарын өзгертіп, бұл шара 2022 жылдың 1 шілдесіне шегерілген. Жуықта ҚР Парламенті Мәжілісі Энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдаған еді. Аталған құжат бойынша, пәтер иелері кооперативтері тағы бір жыл жұмыс істейтін болды.

Тағы да оқыңыз: