Kyzylorda-news.kz М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Шетел тілі» бөлімінің ұйымдастыруымен ұрпақтар арасындағы сабақтастық идеясын ілгерлету, үш ұрпақтың бағыты бойынша «Дана әже, асыл ана, тәрбиелі немере» тақырыбында отбасылар арасында байқау өтті.
Мақсаты – білім алушыларды ізгілікке, үлкенді құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, ой-өрісін дамыту, өнерге баули отырып инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Аталған жанұялық байқауға бөлім ішінен 5 отбасы қатысып, 5 тур бойынша бақ сынады. Атап айтсақ:
1.«Отбасын таныстыру» кезеңі
(отбасылар түрлі шығармашылық қабілеттеріне қарай өз отбасыларын таныстырды)
2. «Атадан қалған асыл сөз» кезеңі
(Ырым-тыйым сөздер қолдана отырып сахналық қойылым ұйымдастыру)
3. «Brain ring» интеллектуалды сайыс кезеңі
(Сұрақ-жауап және мақал-мәтел жасырылған ұяшықты таңдау)
4. Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» отбасылық өнерлерін дәріптеу кезеңі өз өнерлерін көрсету бағыттары бойынша бәйгеге түсті.
Әділқазы алқаларының шешімі, сайыс нәтижесіне сай ШТ-М-22 тобынан қатысқан Камаловтар отбасы бас жүлдені жеңіп алып, басқа да отбасылар «Өнерлі отбасы», «Кемеңгер отбасы», «Білімді отбасы» және «Мерейлі отбасы » номинацияларымен марапатталды.
Фото: aqmeshit-zhastary.kz