Kyzylorda-news.kz. Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық күн тәртібінен түскен емес. Көп жағдайда отбасын сақтап қалу мақсатында жәбірленушілер бұл туралы ашық айтпайды-онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. 

Осыған қарамастан аудан көлемінде жыл басынан бастап отбасы жанжалын шығарған 78 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқама шығарылса, отбасы тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқық бұзушылығы үшін 9 азаматтың мінез-құлқына ерекше талап орнатылған.

Аталған деректер бойынша Қазалы АПб-і ЖПҚБ-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын негізге ала отырып, қорғау нұсқамасы мен ерекше талап орнатылған құқық бұзушылардың мекен-жайларына барып, ахуалды бақылап, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Атап кететін жайт маскүнемдікпен жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленуші мен құқық бұзушыға ғана емес, отбасындағы кәмелетке толмаған балаларына да кері әсерін тигізері сөзсіз. Отбасындағы білектінің алдында әйел - әлсіз, ал бала - қорғансыз болып тұр. Әлсіздерге қол көтеру ерлеріміздің азаматтығына үлкен сын! 

Дегенменде отбасын саналы түрде құрған ересек адамдар отбасы алдындағы жауапкершілікті сезініп, тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол бермеу өз қолдарында екенін ұмытпағандары жөн.

Тағы да оқыңыз: