Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Каримова Қаламқас Арыстанқызы, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы және «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің психологы Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы жұмыс сапарымен ауданға келді.
Облыстан келген топ алдымен аудан әкімдігінде отбасы саясаты мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді. Содан соң аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысымен танысу, алдағы жұмыстарды талқылау мақсатында комиссия мүшелерімен, кенттік, қалалық, ауылдық әйелдер кеңестерінің төрайымдарымен, отбасы саясатына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және қоғамдағы белсенді әйел-аналармен кездесті.
Кездесу барысында көптеген мәселелер қозғалып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер талқыланды.
Дәл осы уақытта аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында «Сенімен болашақ» РҚБ-нің психологы С.Абдрахманова мүгедек балалары бар және көп балалы мемлекеттік қызметшілерге психологиялық тренинг өткізді.
Одан соң жұмыс тобы Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткен «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты аудандық отбасы форумына қатысты.