Kyzylorda-news.kz Татулықтың тіні тарқамаса, жайлылық өздігінен орнайды. Демек, ымыраның ыдырамағаны жөн. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының ұйымдастыруымен мазмұнды кездесу өтті. Тақырыптың өзегі – отбасы тыныштығы мен адам құқығын қорғау.

Озбырлық опа таптырмайды. Осы бағытта Қызылорда қалалық полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қызметі бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Айгүл Асанбаева өткір ойын ортаға салды. Оның айтуынша, заң талаптарын ғана емес, адамгершілік қағидатын да қаперден шығармау шарт. Қол көтеру – әлсіздік пен озбырлықтың көрінісі екені, мұндай әрекеттің заң алдында да, ар алдында да салдары ауыр болатынын қадап айтқаны да сол.

– Қызметкердің беделі тек кәсіби біліктілігімен емес, өмірлік қағидаттарымен де өлшенеді. Қандай жағдай болмасын, күш көрсету мен қысымға орын жоқ. Отбасындағы кикілжіңге қатысты түрлі дау-дамайды естіп те, көріп те, жаңалықтан хабардар да болып жүрміз. Өзекті өртейтін өкінішке ұрынбас үшін, өзара ымыра керек-ақ. Бүгінгі кездесу әрқайсымызға заң талаптарын терең ұғынып, азаматтық ұстанымды қайта саралауға мүмкіндік бергені анық, - дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Ұзақұлы.

Кездесу қызметкерлерге қоғамдағы өз рөлін қайта ой елегінен өткізуге себеп болғаны сөзсіз.

Тағы да оқыңыз: