Kyzylorda-news.kz Қызылордадағы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында «Отбасы мектеп» жобасы аясында «Отбасы құндылықтары – ұлт байлығы» тақырыбында ашық форсайт-сессия ұйымдастырылды.
Іс-шараны облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және мектеп-лицей ұжымы бірлесе өткізді.
Форсайт-сессияда отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ғылыми-зерттеу жобалары, дебат, өнер фестивалі, кітап клубы, фотосессия, экологиялық бастамалар мен кулинарлық шоу секілді тақырыптық алаңдар жұмыс істеді. Бұл бағыттар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға жол ашты.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының м.а. Дәулет Омаров пен облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айгүл Мұсабаева сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарын жас ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығына тоқталды.
Сессия қорытындысында үздік жоба иелері марапатталды.
