Kyzylorda-news.kz Отбасы – адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі. Әр адам дүниеге келген сәттен бастап отбасының жылуын сезінеді. Ата-ананың мейірімі, бауырлардың қамқорлығы, үлкендердің ақылы – барлығы адамның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан отбасы – қоғамның басты тірегі болып саналады.
Отбасында адам өмірдің алғашқы құндылықтарын үйренеді. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, адалдық, жауапкершілік сияқты қасиеттер ең алдымен жанұяда қалыптасады. Егер отбасында тәрбие дұрыс берілсе, қоғамда да саналы азаматтар көбейеді.
Қазіргі таңда отбасы құндылығы туралы көп айтылып жүр. Себебі кейбір жастар отбасының маңызын кейін түсініп жатады. Алайда қандай жетістікке жетсе де, адам үшін отбасының орны әрқашан ерекше.
Бұл туралы қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов ана, отбасы және адамгершілік тақырыптарын өз шығармаларында кеңінен қозғаған. Ол отбасының беріктігі – қоғамның беріктігі екенін өз туындылары арқылы көрсетті.
Отбасында бірлік пен сыйластық болса, кез келген қиындықты жеңуге болады. Түсіністік пен құрмет бар жерде береке де болады. Ал ұрыс-керіс пен немқұрайлылық отбасының тыныштығын бұзады.
Бүгінгі жастар болашақта жақсы отбасы құру үшін қазірден бастап жауапкершілікті үйренуі керек. Ата-ананы құрметтеу, отбасы мүшелеріне көмектесу – осының алғашқы қадамдары.
Отбасы – адам өмірінің ең үлкен байлығы. Отбасы мықты болса, қоғам да мықты болады. Сондықтан әр адам өз отбасын қадірлеп, оның құндылығын түсінуі керек.
Назым Әбілхай,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті
