Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде «Отанға қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында білім алушылармен тәрбиелік мәні бар кездесу болып өтті.

Кездесуге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жәкеев Жақсыбай Малбағарұлы мен атқарушы хатшысы, саясаттанушы Үсенбаев Бауыржан Серікұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлері филиалының Қызылорда облысы бойынша төрағасы, отставкадағы подполковник Ршауов Мыңділдә Сағидоллаұлы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шақыру бөлімінің бастығы майор Сейітханов Нұрлыбек Қалыбекұлы, осы департамент бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Искакова Нэлля Нәбиқызы қатысты.

Алғашқы сөз алған облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жақсыбай Малбағарұлы ұлттық салт-дәстүрімізден туындайтын тәлім-тәрбиелік маңызы бар құндылықтар жөнінде айтып, жастарды отан алдындағы борышын өтеуден жалтармауға шақырды. Кеңестің атқарушы хатшысы Бауыржан Серікұлы қазақ халқының ұлт болып қалыптасу жолындағы қиын кезеңдер жайлы тарихи мағлұматтар келтіріп, тәуелсіздіктің қауіпсіздігі мен елдің болашағы алдында барлық қазақстандық азамат жауапты екендігіне өмірден мысалдар келтірді.

Шара соңында ақсақал – Жақсыбай Малбағарұлы білім алушы жастар мен келген қонақтарға ақ батасын берді.

Тағы да оқыңыз: