Kyzylorda-news.kz Руханият орталығында ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және Отан алдындағы азаматтық борыштың маңызын насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев жүргізді.  Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы  И.  Төлегенов арнайы қатысып, маңызды мәселелерді ортаға салды.

Кездесу барысында Отан қорғау, әскери қызметтің жауапкершілігі, елге адал қызмет ету, азаматтық парыз және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері кеңінен талқыланды.

Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылып, елін, жерін қорғаған ерлердің ерлігі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа мәңгі үлгі екені және бүгінгі  өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Арал әскерге бару 2.jpg

Тағы да оқыңыз: