Kyzylorda-news.kz Желіде Алматы облысында аңшының жанжалдасып қалған жолдасының аяғынан атып түсірген видеосы тарады. Жағдайға от себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Желіде тараған видеода қолында мылтығы бар аңшы мен ер адамның оттың жанында дауласып жатқаны көрсетілген. Кейін бір кезде аңшы мылтықты жолдасына кезеп, оның аяғына жақын қашықтықтан оқ атады. Жәбірленуші жерге құлап, ауырғанын айтып айқайлағанын көруге болады.

Деректерге сүйенсек, жанжалдың себебі дұрыс жанбаған от болған.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, қақтығыс кикілжің негізінде болған", – делінген хабарламада. 

Полиция істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттері кешенді жүргізіліп жатқанын айтты.   

Фото: видео кадрларынан скрин

Тағы да оқыңыз: