Kyzylorda-news.kz Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ол 20 мамырда өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Айта кету керек, бұл осы айдағы парламент палаталарының үшінші бірлескен отырысы. Отырыстардың бірі 8 мамырда өтті, онда президент, құрылтай мен сайлау туралы конституциялық заңдар талқыланды.
Фото: parlam.kz
