Kyzylorda-news.kz. Медиация апталығы аясында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен қаладағы орталық емхана қызметкерлерімен кездесу өтті.
Шараға отставкадағы судья, «Құрметті судья» атағының иегері, облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, медиатор Зина Жаңбыршиева, «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова қатысып, медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.
Медиация институты, оның тиімділігі, медиация тәсілін меңгеру пайдасы, оның сот өндірісінен айырмашылығы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалану, қызметте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу сынды мәселелер сөз болды. Сонымен бірге емхана қызметкерлерін тегін медиациялық кеңес алуға шақырды.
Кездесу соңында қызметкерлер тақырып бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
