Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен өңірде түрік компанияларымен бірлескен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.

Биыл "Акса энерджи" компаниясымен бірге қала аумағын жылу және электрмен толық қамтамасыз ететін қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының іргетасы қаланды.

Құны 215 млрд. теңгеден асатын жоба 2025 жылы аяқталады.

Мұнан бөлек, аймақта томат зауытын салу бойынша, Түркияның ірі компаниясымен бірлескен жұмыстар қолға алынады. Яғни томат зауытын салуға 25-30 млн. доллар көлемінде инвестиция тартылмақ. Құны 13,8 млрд.теңгеге жылына 24 мың тонна қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Әлемнің 13 елінде қызанақ өнімін өндірумен айналысатын түрік елінің «KOÇ Holding» компаниясымен бірлесіп, биылғы жылы тәжірибеден өткізу үшін тамшылатып суару арқылы 10 гектар жерге қызанақ дақылы егілді. Қызанақ егістігіне суармалы су Сырдария өзенінен 2 шақырым жерден су құбырымен насос қондырғылары арқылы қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда қызанақтардың шығымдылығы жақсы.

KOÇ Holding құрамындағы компанияның бұл өндірісі аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспортқа қабілетті өнімдердің қатарын толықтырады.
 

 

Тағы да оқыңыз: