Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» акциясы өткізілген болатын. Респуб­лика көлемінде жүзеге асқан акцияға аудан тұрғындары белсенділікпен қатысқан болатын. Өз кезегінде сала мамандары білікті басшы Болатбек Ұлтанбекұлының бастамасымен Оспан Мәлібаев көшесіндегі «Тағзым алаңына» күрделі жөндеу жұмысын жүргізгенін көзіміз көрген еді.

Орман және жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі меке­ме­сі­нің орман шебері Кенжебек Мұста­фаев­тың жетек­шілігімен «Тағзым алаңына» көптеген жұмыс жасалғаны мәлім. Ту­ған жердің гүлденуіне үлес қосқан әрбір сала маманының еңбегі ерекше. Мәселен, орманшы-инспектор Айбек Айтбаев, Нұрбек Дүйсенбаев, Серік Алибаев, Айбек Шахмардан, Нұрхан Нұрмағанбетов 15 күн бойы «Тағзым алаңына» қор­шау жүргізіп, тазалық жұмысын жасаған. Аталған аумақ­та өсіп тұрған талдарды әктеп, әрқайсысын қалыпқа келтірген. Сонымен қатар қоршаудың бағанасын тұрғызып, дар­базаны дәнекерлеген екен.

– Қашанда ел азаматтарының еңбегін көрсете білген жақ­сы. Білікті басшы Болатбек Ұлтанбекұлының тапсырмасына сәйкес, сала мамандары біздің ұсынысымызды жерге тастамады. Білген адамға қыруар тіршілік атқары­лып, орман­шылар «Тағзым алаңын» қалыпқа келтірді. Туған жердің көркеюіне зор үлес қосқан Кенжебек Мұста­фаев баста­ған азаматтардың атқарған жұмысына дән ризамыз, – дейді кент әкімінің орынбасары Ғани Нұртазаев.

Аптап ыстыққа қарамастан өз ісіне жауапкершілікпен қара­ған сала мамандары бар мақтауға лайық. Бүгінде қорша­ған ортаны абаттандыруға үлес қосқан барлық қызмет­кердің еткен еңбегін Кенжебек Мұстафаев жоғары бағалады.

– Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың ұсынысы негізінде Оспан Мәлібаев көшесіндегі «Тағзым алаңы» жаңа кейіп­ке енді. Бірер күн бұрын басшылыққа келген Болатбек Ұлтанбекұлы сала мамандарын бір арнаға ұйыстыра білге­нін айта кеткен жөн. Қай кезде де 43 жыл бір салада еңбек еткен өзім секілді маманның барлығы тапсырылған жұмыс­қа немқұрайлылық танытпайды. Қайта туған жер­дің дамуына зор үлес қоса береді. Бір сөзге келместен ерен ерік­тіліктің үлгісін көрсете білген сала мамандарына алғыс айта­мын, – дейді Кенжебек Мұстафаев.

Орманшылардың орасан зор еңбегінің арқа­сында «Тағ­­­зым алаңы» тұрғындардың демалыс аймағына ай­нал­­­атына сенеміз.

Тағы да оқыңыз: