Kyzylorda-news.kz. Орманды қасақана жою немесе зақымдағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басқарма басшсы Ермек Шүлден мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ормандарды жою немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою арқылы немесе қоқыспен ластап, өзге де әрекетпен қасақана жою немесе зақымдау ҚР Қылмыстық кодексінің 341-бабымен сараланады. Аталған әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді ІІМ тергеу департаментінің басқарма бастығы Ермек Шүлден.