Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында құрылыс материалдарын өндірумен айналысып отырған кәсіпорындардың бірі – «ОрдаСтройДекор» ЖШС. Кәсіпорын 2018 жылдан бері жылу панельдері, сәндік панельдер, пенобетон, құмблок және брусчатка өндірумен айналысады. 

2021 жылы «ОрдаСтройДекор» ЖШС пенобетон өндірісін кеңейту мақсатында «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 2 % - н 10 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Қаржылай қолдау аясында қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, өндіріс көлемі ұлғайтылды. 

2025 жылы кәсіпорын құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттыру және жаңа құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 6 %-н 11,5 млн теңге көлемінде несие алған. 

Аталған қаржыландыру кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыруға, қызмет аясын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. 

Қазіргі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты: жылу панельдері – тәулігіне 100–150 шаршы метр; сәндік панельдер – тәулігіне 500–700 шаршы метр; құмблок – тәулігіне 1 000 шаршы метр; брусчатка – тәулігіне 100–150 шаршы метрді құрап отыр. Бүгінде «ОрдаСтройДекор» ЖШС-де 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Тағы да оқыңыз: