Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім ала ма? – Kyzylorda News
Басты бет

Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім ала ма?

02.08.2021, 10:20

1049 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім министрі мәлімдеуінше, оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады», деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында хабарланды.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру