Kyzylorda-news.kz.   Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Open talk» форматында «Дизайн және технологиялар» кафедрасының бітіруші түлектері жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі Дина Махатовамен кездесті. Жиынға оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен бітіруші түлектері қатысты.

Шарада Қызылорда облысының жеңіл өнеркәсіп бірлестігінің төрайымы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жұмыс берушілер кеңесінің мүшесі, «АС-КА» ЖШС директоры Дина Махатова студенттерге мамандықтар туралы кеңінен айтып берді. Білім алушыларды тәжірибе жинақтауға, ал бітіруші түлектерді жұмыс істеуге шақырды.

«Алдағы уақытта университетті бітіргеннен кейін қосымша курстарға қатысып, біліктіліктеріңізді арттыруға талпыныңыздар. Гранттық конкурстарға қатысып, жоба ұсынуларыңызға болады. Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан қарқынды жастарға көптеген қолдау бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жеңіл өнеркәсіпті бірге дамытуға атсалысайық», - деді Дина Ордабекқызы.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дизайн және технологиялар» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Ләззат Шілдебаева осы салаға қатысты мамандықтар жайлы айтты. Сонымен қатар, білім алушылар мен кафедра жетістіктеріне тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

 

Тағы да оқыңыз: