Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі эпидемиялық жағдай белең алғалы бері, коронавирустық инфекцияның жұқтырмаудың алдын алу мақсатында ЗК-169/1 мекемесі бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды. Соның ең бастысы, мекеме аумағында жатқан құқық бұзушылардың денсаулығына қауіп келтірмеу мақсатында жасалған онлайн жүздесулерді ерекше айтуға болады.
Карантин режимі енгізгелі жазасын өтеушілерді психологиялық және моральдік тұрғыда қолдау мақсатында мекеменің кезекші ғимаратынан арнайы 2 бөлме бөлініп, Skype желісі арқылы сотталғандар туыстарымен хабардар болып отырады. Мұндай онлайн жүздесулердің артықшылығы бұрынғы бетпе-бет кездесуде тек ең жақынымен ғана кездессе, Skype желісі арқылы бала-шағасын, ағайындарын да көріп, жүздесіп жатады.
Осы мекемеде 2 жылдан бері жазасын өтеп жатқан Амангелді Орал қаласының тумасы. Амангелдінің отбасы, ағайын-туыс бауырлары Орал қаласында тұрады.
“Жердің шалғайлығынан бөлек, мынандай жағдайда туыстарының келмесі де анық. Бірақ, онлайн жүздесулер арқылы анам мен бала-шағамның амандығын біліп,бейне бір үйінде болып келгендей, көңілім жайланып қалады, әрі олар да, менің денім сау екенін көріп, көңілдеріне медет тұтады”, – дейді Аманкелді.
Қазіргі таңда мекемеде күніне 25 онлайн кездесу өтеді. Мұндай жүздесулердің сотталғандар үшін оңтайлы жағдай екені анық.