Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Татар этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында татар этносының ұлттық тағамы – ет пәрәмәче дайындауға арналған шеберлік сабағы өтті.

Шараны бірлестік жетекшісі Галия Камилевна ашып, жылы лебізін білдірді. Іс-шара Достық үйінің хореография залында ұйымдастырылып, ұлттық тағамның қыр-сыры егжей-тегжейлі көрсетілді. Қамыр илеуден бастап, дәмді фарш әзірлеу, пәрәмәче қалыптау мен қуыруға дейінгі бүкіл процесс қатысушылардың өз қолымен жасалды.

Шеберлік сабағына облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен татар орталығының белсенді өкілдері қатысып, ерекше көңіл күйде өзара тәжірибе алмасты.

Шара соңында бәрі өз қолдарымен дайындаған пәрәмәчтен дәм татып, ұлттық тағам арқылы халық достығы мен мәдени үндестіктің маңыздылығын тағы бір сезінді.

Тағы да оқыңыз: