Kyzylorda-news.kz Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қызылорда облыстық неміс этномәдени бірлестігінің онкүндігі аясында Қызылорда қаласындағы «Syr Bilimi» мектебінде неміс асханасының тағамы – штрудельді әзірлеу бойынша шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары», мектеп директоры Анжела Садыкбекова, Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов қатысты.
Шеберлік сабағын Германиядан келген аспаз, тегі австриялық Фридрих мырза, облыстық неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек және орталық белсендісі Ольга Ковалёва өткізді.
Шара барысында штрудельдің бірнеше түрі әзірленді: ет қосылған, картоп, сәбіз бен пияз салынған, сондай-ақ алма қосылған түрлері.
Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
