Kyzylorda-news.kz Арал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары қолға алынды. Бұл жолғы сенбілік жұмыстарының мәні бөлек, маңызы зор деуге болады.

«Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды. Бүгін сол шараның лайықты жалғасы ретінде өткен сенбілік жұмыстарына қала бойынша түрлі мекеме қызметкерлерінен бөлек ауданнан жалпы саны 10 мың оқушы туған жерлерінің тазалығына атсалысты. Бұдан бөлек 2 мыңдай ұстаздар мен ата-аналар қауымы да сенбілік жұмыстарына белсене қатысты.

Кең ауқымдағы «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аралап көріп, қаланың шет аймақтары мен маңызды көшелерінде жүрігізіп жатқан жұмыстарға куә болды. Сондай-ақ бірқатар құрылыс насандарын да аралады. Бұл бағыттағы жұмыстарды бәсеңдетпеу керек екенін алға тартып, ауданымыздың тазалығы баршаға ортақ екенін жеткізді.

Сенбілік аясында скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандары, орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы бордюр жиектерін құмнан тазалау, әкетеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ туған өлке ретсіз өскен өсімдіктерден, күл-қоқыстар мен тұрмыстық қаты қалдықтардан тазаланып, арнайы техниканың көмегімен қала аумағынан шығарылды.

Таза қала, таза табиғат – бұл біздің ортақ міндет. Тазалыққа жаны жақын жас өрендер тарапынан қоршаған ортаға қамқорлық, туған өлкені тазарту, көгалдандыру сынды жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Әрбір кішкене қадам туған жердің көркейіп, таза әрі жайлы болуына себеп болады. Бұл аймақ жастарының басты ұраны, өмірлік ұстанымы деуге болады.

Оқушылар сенбілік.jpg

Тағы да оқыңыз: