Kyzylorda-news.kz. Қазіргі сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе. Жүйе әлеуметтік төлем төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, азаматтарды формальді форматта жұмыс істеуге ынталандыруды көздейтін болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі О.Ордабаев мәлімдеді.

«Салымшылардың өз активтерін басқару құқықтары кеңейтілді. Енді белгіленген жеткіліктілік шектен жоғары зейнетақы жинақтарын азаматтар тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсайтын болады. Салымшылар бар зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару жөніндегі компанияға беруге және мұндай компанияны өздері таңдауға құқылы болады», - деді вице-министр.

Бүгін азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады. Биыл жұмыссыз болып тіркелген азаматтардың 60 пайызы осы электронды режимді пайдалана отырып тіркелді.

«Кодексте қәзіргі жұмыспен қамту орталықтарын аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін мобильді орталықтарға трансформациялау көзделді», - деді Олжас Ордабаев.

Тағы да оқыңыз: