Kyzylorda-news.kz Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты.

- Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруда бастады, - деді ол.

Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды.

- Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді, - деді Үкімет басшысы.

Фото: Primeminister.kz

Тағы да оқыңыз: