Kyzylorda-news.kz Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаз Марат Барқұловтың анасы ұлының жақындары мен достарынан ақша сұрағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Әсия Барқұлова блогер Дамир Көшеевтің Instagram парақшасында мәлімдеді. Марқұмның әкесі Ербол Барқұловтың бастапқыда ұлының әскерге барғысы келмегенін айтады.

"Ұлым осы жылы өз еркімен әскерге барды. Ол теңіз жаяу әскерінің қатарына қосылғанына қуанды", – дейді марқұмның әкесі.

Анасы ұлының әскери борышын Шығыс Қазақстанда өтеуін қалаған. Бірақ оның таңдауы Маңғыстау облысына түсіпті.

"Сөйлескенде бәрі жақсы деп айтатын. Көп ақша сұрамайтын. Сұраса да екі мың теңге ғана. Бірақ бейсенбі күні (5 қыркүйек) ол қандай да бір себептермен ақша жинай бастады. Екі сағаттың ішінде бәріне қоңырау шалыпты. Әкесі мен әпкесіне байланысыпты. Маған ғана хабарласпады", – дейді ол.

Марқұмның әкесінің айтуынша, кейінгі кездері ол жиі хабарласып, ақша сұрайтын болған.

"Маған қоңырау шалып, ақша сұрады. 2-3 күн қатарынан ақша сұраған кезі болды. 2-3 мың теңге сұрайтын. 4-5 қыркүйек күндері сөйлескенбіз. Сол кезде ол дауыс ұлғайтқыш алу үшін ақша жинап жатқандарын айтты. Мен оның қазан айына дейін күте тұруын сұрадым. Өзім жақсы дауыс ұлғайтқыш алып беретінімді айттым. Бірақ ол бірнеше күн қатарынан ақша алды. Мүмкін офицерлердің бірі нашақор шығар", – дейді әкесі.

Қазақстан "Батыс" әскерлерінің қолбасшысы Бауыржан Артықов қайғылы оқиғаға қатысты пікірін айтты.

"Біз алғашқы күннен бастап ата-аналардан, егер мұндай факт анықталса, дереу хабарласуын сұрадық. Бірақ, өкінішке қарай, қайғылы оқиға болды. Сондықтан мен әскер командирі ретінде ата-анасынан, туған-туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Біз оны соңғы сапарға шығарып салдық", – деді Артықов.

Сонымен қатар, ол Мараттың өліміне кінәлі офицер ғана емес, басқа да жауапты тұлғалардың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Бетінен оқ жарақатын алған сарбаз Марат Барқұловты туған-туыстары 10 қыркүйекте соңғы сапарға шығарып салды. Жерлеу оның туған ауылы Самарскоеде өтті.

Фото: kyn.kz

Тағы да оқыңыз: