Kyzylorda-news.kz. Әйтеке би кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы №165 мектеп жанынан құрылған «Балдәурен» күндізгі лагерінде әлеуметтік топтағы 30 оқушы қамтылды. 

«Балдәурен» күндізгі лагерінде жоспар құрылып көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. «Балдәурен» лагері 2.06.-13.06.2023 жыл осы уақыттар арасында ұйымдастырылды. Алғашқы күні «Бақытты балалақ шақ» «Балдәурен» лагерінің ашылу салтанатын мектеп басшысы Қымбат Сермахан сөз сөйлеп оқушыларды мерекелерімен құттықтады. Оқушылар ән, күй, биілерін орындап, өз өнерлерін көрсетті.
«Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз!» тақырыбында қол күрес, бес тас, асық ату ойындары ұйымдастырылды.

Табиғат туралы мақал-мәтел айтудан сайыс ұйымдастырылды. «Өз Отанымыздың рәміздерін құрметтейік!» тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылды. 

«Ертегі еліне саяхат» тақырыбында балаларға әр түрлі тақырыпта ертегі оқу және ертегі көрсетілді. Балалар өз ойларын ортаға салып, ертегінің қызықты жерлерінен көріністер көрсетті. «Тапқыр болсаң озып көр!» атты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын логикасын дамыту мақсатында топттық сайыс өткізілді. 

«Мен – патриотпын» оқушыларды Отанды сүюге құрметтеуге қастерлеуге, өз тілін тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылды. «Мен – Чемпион» оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету мақсатынды командалық сайыс ұйымдастырылды. «Табиғат аясына саяхат» тақырыбында өз ауданымызда орналасқан тарихи ескерткіштерге саяхат ұйымдастырылды. Сонымен бірге, оқушылар «Достық хат» тақырыбында оқушыларға өз достарына достық хат жазуды үйрету. «Үлкенге ізет, кішіге құрмет» тақырыбында оқушылармен еркін әңгімелесу өз ойларын тыңдау мақасатында пікірталас ұйымдастырылды.

Оқушыларды аудандық Ғани Мұратбаев атындағы музейге саяхат ұйымдастырылды. «Ұлттық және зияткерлік» ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында шахмат ойынының ережесін оқушыларға үйретіп, ойнатты. «Кім мықты?» тақырыбында оқушыларды шапшаң қозғалуға үйрету мақсатында сайыс ұйымдастырылды. «Эстафеталық» ойындар ұйымдастырылды. Оқушылардың арасындағы қарым- қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл  күйден арылу, күш -қуат жинау мақсатында «Менің ғажап әлемім» тақырыбында мектеп психологі тренинг ұйымдастырылды. «Балдәурен» лагерінің жабылу салтанаты ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: