Kyzylorda-news.kz М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Мұғалім колледж жүрегі – көңілді жүрсін үнемі» тақырыбында топ жетекшілерге арналған тренинг кездесу өткізілді. 

Жылды қорытындылау және көңіл көтеру бағытында өткізілген шараға директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Исаева және барлық топ жетекшілер қатысты. Шарада ұжымдық қарым-қатынасты арттыратын, достық ынтымақтастықты нығайтатын және қоршаған ортамен сыйластыққа тәрбиелейтін тапсырмалар беріліп, ойындар ойнатылды. 

Сондай-ақ жыл бойы өткізілген «Білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сабағына үздіксіз қатысқан топ жетекшілер директордың Алғысымен марапатталып, оқу жылы барысында топпен жоғары деңгейде жұмыс жасаған бірқатар топ жетекшілерге «Креативті жетекші», «Мейірімді жетекші», «Шебер ұйымдастырушы» және «Қайырымдылық жаршысы» номинациялары табысталды.

Сондай-ақ, «Жазғы сауықтыру лагерінде әртүрлі жастағы балалармен жұмыс жасауда балалар ұжымдарының өмірі мен қызметін ұйымдастырудың әртүрлі формаларымен әдістерін, психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін қолдану» өндірістік оқыту аясында «Демалыс зертханасы: жарқын. қызықты.тамаша» тақырыбындағы педагогикалық жасақтардың жазғы тәжірибеге дайындық есебі өтті.

Мақсаты - білімді, креативті, бәсекеге қабілетті, жазғы сауықтыру лагері талаптарын орындай алатын тәлімгерлер даярлығын тиянақтап, іс-тәжірибеге жіберу.

Жұмыс жоспары бойынша:

• «Болашақты жасайтын уақыт» отряд визиткаларын қорғау;

• «Бірге ойна!» ойын жобалар байқауы;

• «Көңілді эстафета» спорттық жарыс;

• «Сүйікті мульти-персонаждардың кейпінде келу» тематикалық күн өткізілді.

Машықтанушылар әр типті лагерлерге, сонымен қатар, Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен РОСО» РМҚК лагеріне іріктеліп жіберілді. Колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова сәттілік пен шығармашылық табыс тілеп, педагогикалық жасақтарға сертификат табыстады.

Тағы да оқыңыз: